Маңғыстауда республикалық трассаларда бақылау күшейтілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Патрульдік полиция ротасы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген рейдтік-профилактикалық іс-шаралар жүргізуде.

Іс-шара барысында жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін анықтауға және олардың жолын кесуге ерекше назар аударылуда. Әсіресе, жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретін, сондай-ақ жол-көлік оқиғаларына себеп болуы мүмкін құқық бұзушылықтар бақылауға алынған.

Патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушілердің белгіленген жылдамдық режимін сақтауына, жол белгілері мен жол таңбаларының талаптарын орындауына, маневр жасау және басып озу ережелерін бұзбауына, қарсы қозғалыс жолағына шығу фактілеріне ерекше көңіл бөлуде.

Сонымен қатар рейд барысында көлік құралын масаң күйде басқару, қауіпсіздік белдігін пайдаланбау, көлік жүргізу кезінде ұялы телефонды қолдану және басқа да жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерінің алдын алуға бағытталған жұмыстар жүргізілуде.

Рейдтік іс-шаралардың негізгі мақсаты – жол қозғалысы саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, олардың ауыр зардаптарының алдын алу және жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Полиция қызметкерлері жүргізушілермен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жолдағы жауапкершіліктің маңыздылығын еске салуда.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, белгіленген жылдамдық режимінен аспауға, қауіпті маневрлерге жол бермеуге және жол жағдайына сәйкес жылдамдық таңдауға шақырады.

Жолға шығар алдында көліктің техникалық жағдайын тексеріп, ұзақ сапар кезінде демалысқа уақыт бөліңіз. Жолдағы әрбір жауапсыз әрекет өзіңіздің ғана емес, басқа да жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.

Жол қауіпсіздігі – әрбір жүргізушінің жауапкершілігі.

https://www.instagram.com/reel/DcHKBs1BVhl/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1275969?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді