
Өскемендегі Әл-Фараби, 40 көшесінде тұратын балалардың енді өз футбол алаңы бар.
Тұрғын үйлердің ауласында аумағы 600 шаршы метр болатын жаңа спорт алаңы салынды. Құрылыс жұмыстары мамыр айының соңында басталып, бүгін алаңның ресми ашылуы өтті.
Ашылу салтанатына жақын маңдағы үйлердің тұрғындары, балалар және қалалық спорт бөлімінің өкілдері қатысты. Енді балалар жаңа алаңда күн сайын сабақтан кейін жиналып, футбол ойнап, жаттыға алады.
Жобаны «Таза Өскемен» мердігер ұйымы мен «Сантехэлектромонтаж» қосалқы мердігері жүзеге асырды.
(Мәтін мен фотосуреттерді пайдаланғанда ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасау міндетті).

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1275857?lang=ru

Жауап қалдыру