Павлодарлық полицейлер жастарды наркобизнестің соңына түспеуге тағы да шақырады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өткен жылы өңірде есірткі таратты деп айыпталған жеті кәмелетке толмаған жасөспірім сотталды. Павлодар облысындағы есірткінің алдын алу жұмыстары туралы @pavlodar.rsk алаңында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Ирина Тимиргалиева айтып берді. Оның сөзінше, балалармен, ата-аналармен және педагогтар қауымдастығымен ағартушылық жұмыстар жүргізілгеніне қарамастан, жасөспірімдер әлі де оңай олжаға қызығып, “закладчик” (есірткі жасырушы) болып кетіп жатыр. – Жастар “жумыс берушімен” байланыс орнататын әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қылмысты жасыру мүмкін емес екенін әлі күнге дейін толық түсінбейді, – деп атап өтті спикер. – Тыйым салынған заттарды таратушының ұсталуы – тек уақыт мәселесі. Соған байланысты балалар мен ересектер арасында диалог орнату, жас ұрпақтың бойына отбасылық құндылықтар мен салауатты өмір салтын сіңіру өте маңызды. Заң мен тәртіпті сақтау – балаларымыздың да, бүкіл қоғамның да қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі қағидасы екенін ұмытпаған жөн. 2026 жылы өңірлік полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелері есірткінің заңсыз айналымы саласында 147 қылмыстық іс қозғады. Сотқа қарау үшін 66 қылмыстық іс жолданды, 59 азамат, оның ішінде екі кәмелетке толмаған бала ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Заңсыз айналымнан 388 келіден астам есірткі және психотроптық заттар тәркіленді, оның ішінде 4 келіге жуығы – синтетикалық есірткі. Павлодар облыстық полиция департаментінде облыс прокуратурасының үйлестіруімен «Теневой герой» Telegram-боты іске қосылды. Ол арқылы тәулік бойы есірткінің заңсыз айналымы саласындағы түрлі қылмыстар туралы хабарлауға болады. Наркопритондар, есірткі жасырылатын немесе дайындалатын орындар мен олардың жарнамасы, соның ішінде есірткі мен психотроптық заттарды насихаттайтын заңсыз контент туралы шағым түсіруге мүмкіндік бар.

Фото: ChatGPT

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-audan/press/news/details/1275808?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді