«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ» коллекциялық монеталарын айналысқа шығару туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ» коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады.

Коллекциялық монеталар ҚҰБ-тың https://kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы 2026 жылғы 19 тамыздан сатыла бастайды.   

Коллекциялық монета туралы

Монета 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына арналып отыр. Жаңа Ата заң 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне еніп, еліміздің конституциялық дамуындағы жаңа кезеңнің іргетасын қалады.

Алтын жалатылған монета 925 сынамалы күмістен жасалған, массасы 31,1 грамм, диаметрі 35х45 мм, дайындау сапасы – «рrооf», номиналы 1 000 теңгелік, таралымы – 1 000  (бір мың) дана.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1275484?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді