
Бүгін, 18 тамызда, депутат А.Ракишеваның төрағалығымен онлайн форматта Қонаев қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы және кезектен тыс LХХ сессиясы өтті.
Отырыста Қонаев қаласы бюджет комиссиясының, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның, денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің құрамдарына өзгерістер енгізу, сондай-ақ қаланың учаскелік сайлау комиссияларының құрамына қатысты мәселелер қаралды.
Сонымен қатар, «Қонаев қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы мәселе талқыланды.
Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында жан-жақты қаралып, талқыланған мәселелер кейін кезектен тыс LХХ сессияның күн тәртібіне шығарылды.
Сессия барысында депутаттар қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылдады.
Қабылданған шешімдер қалалық мәслихаттың құзыреті шегінде тиісті бағыттар бойынша жұмысты жүйелеуге және одан әрі жетілдіруге бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-qonaev/press/news/details/1275878?lang=ru

Жауап қалдыру