Қызылорда прокурорлары мүгедектігі бар балалардың құқықтарын қорғады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау Қызылорда облысы прокуратурасы қызметінің басым бағыттарының бірі және тұрақты бақылауда.

Жүргізілген жұмыстар аясында прокурорлармен балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығындағы заңнама талаптарының сақталуына құқықтық баға берілді.

Талдау барысында мүгедектігі бар балаларды қажетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, кадрлық рәсімдерді сақтау және мемлекеттік сатып алу салаларында бірқатар заң бұзушылықтары анықталды.

Мысалы, «Мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету қағидаларына» сәйкес жамбас органдары функциялары бұзылған мүгедектігі бар адамдар тәулігіне 4 дана жөргекпен қамтамасыз етілуге тиіс.

Алайда, талдау барысында балаларға белгіленген тәуліктік норма сақталмай, іс жүзінде күніне 2-3 данадан ғана жөргек берілгені анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісінің енгізілуі нәтижесінде заң бұзушылықтар жойылып, 56 баланың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Жауапты лауазымды тұлғалар заңда белгіленген тәртіппен жауаптылыққа тартылды.

Бұл ретте, прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесі  азаматтар тарапынан оң бағаланып, ерекше маңызға ие болғанын атап өткен жөн.

Құқықтары бұзылған балалардың бірінің анасы облыс прокуратурасы қызметкерлеріне түбегейлі ұстанымы, ерекше қажеттіліктері бар балалардың мәселелеріне көңіл бөліп, көрсеткен құқықтық көмегі үшін алғысын білдірді.

Прокуратура органдары алдағы уақытта да мүгедектігі бар адамдардың, оның ішінде балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған жұмысты тұрақты негізде жалғастырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kyzylorda/press/news/details/1275891?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді