Семейлік оқушылар Бейжіңде робототехникадан өткен халықаралық чемпионатта күміс жүлдеге ие болды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

13–16 маусым күндері Қытайдың Бейжің қаласында өткен «2026 FIRST® LEGO® League Asia Open Championship» халықаралық жарысында Семейдегі «Білім-Инновация» лицейінің командасы жүлделі II орынға ие болды.

Ауқымды додаға 25 елден 375 команда және 3500-ге жуық оқушы қатысты. Қазақстан атынан Астана, Алматы қалаларынан, Ақмола, Қарағанды, Қызылорда және Абай облыстарынан 20-ға жуық команда бақ сынады.

Жарыс қорытындысы бойынша Семей қаласының «SBIL•LION•AIRES» командасы күміс жүлдегер атанды. 2024 жылы Sapa Semey Alumni түлектер қауымдастығының қолдауымен құрылған команда бұған дейін Сингапурда өткен халықаралық жарыста да екінші орын алған.

Команда мүшесі Нұрсұлтан Оразалиннің айтуынша, Бейжіңдегі жүлде – отандық робототехника саласы үшін маңызды жетістік.

«Биылғы чемпионатта өте сәтті өнер көрсеттік. Бұған дейінгі жарыстарда жинаған тәжірибеміз командалық жұмысымызды жетілдіріп, өзара түсіністігімізді нығайтуға көмектесті. Бейжіңдегі сайыста бірлескен жұмыстың арқасында жүлделі екінші орынға қол жеткіздік», – деді ол.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/1275707?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді