
Целиноград ауданының әкімі төрағалық еткен кезекті аппараттық кеңесте орақ науқанын жүргізу, сондай-ақ әлеуметтік сала нысандарын алдағы жылыту маусымына дайындау мәселелері қаралды.
Орақ науқанының барысына ерекше назар аударылды. Басшылар мен жауапты қызметтерге жағдайды тікелей орындарда тұрақты бақылауда ұстау тапсырылды. Мамандар елді мекендер мен ауыл шаруашылығы нысандарына барып, жұмыстардың нақты барысын зерделеп, туындаған мәселелерді жедел анықтап, тиісті шаралар қабылдауы қажет.
Маңызды бағыттардың бірі – әлеуметтік сала нысандарын жылыту маусымына дайындау. Ауылдық округ әкімдеріне білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларымен бірлесіп, нысандарды кешенді тексеру, қазандық жабдықтарының, инженерлік желілер мен жылыту жүйелерінің дайындығын қамтамасыз ету тапсырылды.
Газ инфрақұрылымы қолжетімді елді мекендердегі нысандарға ерекше назар аудару қажет. Мектептерді, мәдениет және денсаулық сақтау нысандарын газға ауыстыру мүмкіндігін зерделеу, әр нысан бойынша техникалық мүмкіндік пен қосылудың тиімділігін анықтау тапсырылды.
Аппараттық кеңес қорытындысы бойынша жауапты басшылар мен қызметтерге нақты тапсырмалар берілді. Олардың орындалуы тұрақты бақылауда болады.
Басты міндет – орақ науқаны кезеңінде тұрақтылықты қамтамасыз ету, әлеуметтік сала нысандарын жылыту маусымына уақытылы дайындау және аудан тұрғындарын алаңдататын мәселелерді жедел шешу.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1276142?lang=ru

Жауап қалдыру