
«Заң мен Тәртіп: жастар – тәуелділікке қарсы»
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясында Халықаралық жастар күніне орай «Заң мен Тәртіп: жастар – тәуелділікке қарсы» атты WORKSHOP-FORUM іс-шарасы өтті.
Аталған іс-шара «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілетудің 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру аясында ұйымдастырылды.
Іс-шараға Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жас қызметкерлері қатысып, жастар арасында құқық бұзушылықтың, есірткіге тәуелділіктің және лудоманияның алдын алу мәселелері бойынша пікір алмасты.
WORKSHOP-FORUM барысында қатысушылар жастар арасында тәуелділіктің алдын алу, салауатты әрі қауіпсіз өмір салтын қалыптастыру, сондай-ақ құқықтық мәдениетті арттырудың заманауи тәсілдерін талқылады.
Жұмыс топтарында өткен пікірталастар барысында практикалық ұсыныстар әзірленіп, жастарды есірткіге, құмар ойындарға және басқа да тәуелділік түрлеріне тартудың алдын алу бағыттары қарастырылды.
Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің жас қызметкерлерінің іс-шараға белсенді қатысуы тәжірибе алмасуға, өзекті мәселелерді талқылауға және жастар арасында «Заң мен Тәртіп» қағидаттарын нығайтуға бағытталған тиімді ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisastana/press/news/details/1275844?lang=ru

Жауап қалдыру