
Жезқазған қаласы полиция басқармасының қызметкерлері түнгі сағат 01:00 шамасында пиротехникалық бұйымдарды қолданып, тұрғындардың тыныштығын бұзған азаматты анықтады.
Құқық бұзушыға қатысты хаттама толтырылып, ол жауапкершілікке тартылды. Полиция ескертеді: түнгі уақытта тыныштықты бұзу және пиротехникалық бұйымдарды заңсыз пайдалану жауапкершілікке әкеп соқтырады. Азаматтардан қоғамдық тәртіпті сақтауды сұраймыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-ulytau/press/news/details/1275509?lang=ru

Жауап қалдыру