
2026 жылғы 13 тамызда Атырау бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Батыс» жолаушылар тасымалы жөніндегі аймақтық Атырау филиалының пойыз бригадаларының жолсеріктері арасында «Жұқпалы аурулардың алдын алудағы вакцинацияның рөлі» тақырыбында семинар өткізді. Семинардың мақсаты – қатысушыларға жұқпалы аурулардың алдын алуда вакцинацияның маңызы туралы түсінік беру. Семинар аясында қоғамда жұқпалы аурулардың таралуын болдырмаудағы вакцинацияның рөлі мен тиімділігі, вакцинацияны уақтылы жүргізудің маңыздылығы, сондай-ақ маусымдық инфекциялық ауруларға қарсы ұжымдық иммунитеттің қалыптасуы туралы мәселелер талқыланды. Семинарға қатысушыларға балалардың ерте жастан иммундық жүйесін қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының профилактикалық екпелер күнтізбесіне сәйкес балаларға туғаннан бастап жүргізілетін вакцинацияны уақтылы алу бойынша ұсынымдар берілді.
Семинар барысында қатысушылардың қойған сұрақтарына толық жауаптар беріліп, өзекті тақырыптар бойынша ақпараттық материалдар, буклеттер мен жадынамалар таратылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1275711?lang=ru

Жауап қалдыру