
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Ғабдушев Алматы қаласындағы №227 және №229 жаңа жайлы мектептерге барып, олардың жаңа оқу жылына дайындығымен танысты.
Жұмыс сапары барысында мектептердің білім беру қызметін жүзеге асыруға лицензия алуға дайындығына, сондай-ақ толыққанды әрі қауіпсіз білім беру үдерісін ұйымдастыру үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, оқу және пәндік кабинеттердің, зертханалардың, кітапханалардың, спорт залдарының, асханалардың, медициналық кабинеттердің және басқа да инфрақұрылым нысандарының жай-күйі зерделенді. Мектептердің жабдықталуы, материалдық-техникалық базасының жағдайы және қауіпсіздік талаптарының сақталуы жеке қаралды.
Аумақтық Департамент басшысы Гүлнар Ермекбаевамен бірге дайындық жұмыстарының барысы мен қажетті жұмыстарды аяқтау мерзімдері талқыланды.
Сапар қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға анықталған ескертулерді уақтылы жою және барлық дайындық жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтау тапсырылды.
Жаңа мектептерді оқу жылының басталуына дайындаудағы негізгі басымдықтардың бірі – заманауи, қауіпсіз әрі жайлы білім беру ортасын қалыптастыру.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control/press/news/details/1276958?lang=ru

Жауап қалдыру