АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаиловтың төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлімдер мен жауапты мекеме басшылары қатысты.
Аппарат мәжілісінде ауданның қоғамдық-саяси тұрақтылығы, алдағы құрылтай сайлауына дайындық, жылу беру маусымына әзірлік және елді мекендердегі тазалық жұмыстары бойынша бірқатар өзекті мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша құрылтай сайлауын ұйымдастыруға қатысты сайлау учаскелерінің дайындығы талқыланды. Жауапты сала басшыларына сайлау учаскелерінің талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету, қажетті инфрақұрылыммен және материалдық-техникалық құралдармен жабдықталуын бақылауда ұстау тапсырылды.
Сонымен қатар аудандағы қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығы жөнінде баяндалып, тұрғындармен кері байланысты күшейту, әлеуметтік мәселелерді дер кезінде зерделеу және қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жүйелі жүргізу қажеттігі айтылды.
Жиында жылу беру маусымына дайындық жұмыстарының барысы да қаралды. Әлеуметтік нысандардың, жылу жүйелерінің және қазандықтардың қысқы маусымға дайындығын пысықтап, анықталған кемшіліктерді уақытылы жою жөнінде жауапты басшыларға нақты тапсырмалар берілді.
Күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі – «Таза Қазақстан» бағдарламасының ауданда жүзеге асырылу барысы. Аудан әкімі елді мекендердегі санитарлық тазалықты сақтау, абаттандыру жұмыстарын күшейту және тазалыққа қатысты жауапкершілікті арттыру қажеттігін атап өтті.
Сондай-ақ республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының, ауылішілік көшелердің тазалығы мәселесі талқыланды. Ауылдық округ әкімдеріне жол бойындағы аумақтарды, арық-атыздарды және қоғамдық орындарды тұрақты түрде тазалау, санитарлық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету тапсырылды.
Жиын соңында аудан әкімі жауапты басшыларға көтерілген мәселелер бойынша нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kazygurt-audany/press/news/details/1276632?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді