Ақтөбе шаруалары дизель отынын нарықтан 15 пайызға төмен бағамен алуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе облысында биылғы егін жинау науқанына қажетті техника мен дизель отыны жеткілікті көлемде қамтамасыз етілді. Шаруаларға дизель отыны нарықтағы бағадан 15 пайызға дейін төмен бағамен беріліп жатыр.

Күзгі далалық жұмыстарға облыс бойынша 8 мың тонна дизель отыны бөлінді. Шаруашылықтарға отынның босату бағасы литріне 278 теңгені құрайды.

Дизель отынын мұнай өңдеу зауытынан облысқа жеткізу кестесі тамыз-қараша айларына белгіленген. Тамыз айына бөлінген дизель отыны «АЗС-Лидер» ЖШС операторы арқылы Атырау мұнай өңдеу зауытынан облысқа жеткізіліп, шаруашылықтарға жөнелтіліп жатыр.

Сонымен қатар, егін жинау науқанына 600-ге жуық астық жинайтын комбайн, 1 500 трактор, 800-ге жуық трактор тіркемесі және 500-ге жуық жүк көлігін жұмылдыру жоспарланған.

Машина-трактор паркін жаңарту жұмыстары да жалғасуда. Жыл басынан бері облыста 316 жаңа ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды. Оның ішінде 295 трактор және 21 астық жинайтын комбайн бар.

Биыл облыста жалпы 525 мың гектар алқаптан өнім жинау жоспарлануда. Оның 435 мың гектары — дәнді, 84 мың гектары — майлы дақылдар, 6 мың гектары — картоп және көкөніс-бақша дақылдары.

Осылайша, егін жинау науқанын өткізу үшін негізгі қажетті ресурстар — техника мен дизель отыны жеткілікті көлемде қамтамасыз етілген.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-karakudyk/press/news/details/1276501?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді