
Орал қаласында есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында Қазақстан Республикасының IV Спартакиадасы өтіп жатыр. Төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын республикалық додаға еліміздің 19 өңірінен 1500-ден астам спортшы қатысып, спорттың 10 түрінен 274 медаль жиынтығын сарапқа салынды. Бұл сында елордалық спортшылар биіктен көрінді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Бұған дейін Алматы қаласы және облысында 10-12 тамыз күндері сурдо жеңіл атлетикадан, 10-15 тамыз аралығында сурдо жүзуден бәсекелер өз мәресіне жетті.
Орал қаласындағы спорттық бағдарлама 17-25 тамыз аралығын қамтиды. Мұнда Астана қаласының спортшылары дзюдо, таеквондо, үстел теннисі, шахмат, бадминтон және футболдан елорда намысын қорғайды.
Бүгінде дзюдо мен таеквондодан елорда спортшылары өз нәтижелерін көрсетіп үлгерді. Дзюдодан Астана құрамасы 3 алтын және 1 қола медаль иеленсе, таеквондодан 2 алтын, 2 күміс және 6 қола медальға қол жеткізді. Нәтижесінде таеквондодан елорда құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.
Сонымен қатар, сурдо шахматтан аралас рапид дисциплинасында Астана қаласының командасы командалық есепте екінші орын алды.
Қазіргі таңда Орал қаласында үстел теннисі, шахмат, бадмингтон және футбол спорттарынан тартысты бәсекелер жалғасып жатыр.
Қазақстан Республикасы IV Спартакиадасының ашылу салтанаты 17 тамызда Орал қаласындағы «Жайық Арена» спорт кешенінде ұйымдастырылды.
Спорттық дода 25 тамызда Орал қаласында өтетін жабылу салтанатымен қорытындыланады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1276956?lang=ru

Жауап қалдыру