
Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Е.Тоғжанов «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының төрағасы Қ.Шарлапаевпен кездесті.
Кездесу барысында тараптар ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екіжақты тауар айналымын 10 млрд АҚШ долларына дейін жеткізу, екі ел кәсіпкерлері арасындағы іскерлік байланыстарды кеңейту, сондай-ақ экономиканың негізгі салаларындағы әріптестікті нығайту мәселелерін талқылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tashkent/press/news/details/1276973?lang=ru

Жауап қалдыру