«Еңбек жолы-2026» конкурсының өңірлік кезеңі қорытындыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуовтың төрағалығымен «Еңбек жолы» конкурсының өңірлік комиссия отырысы өткізілді. Комиссия отырысында «Үздік еңбек әулеті», «Өндірістің үздік жас маманы» және «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациялары бойынша I, II және III орындар белгіленіп, жеңімпаздар анықталды.

Жеңімпаздар қатарында көп жылдық еңбек тәжірибесімен танылған еңбек әулеттері, өндірісте жоғары нәтижелерге қол жеткізген жас мамандар және өз ісінің тәжірибелі тәлімгерлері бар.

«Еңбек жолы» конкурсы – еңбегімен ел дамуына үлес қосып жүрген азаматтарды қолдауға, олардың кәсіби жетістіктерін көпшілікке танытуға және еңбек құндылықтарын насихаттауға бағытталған маңызды жоба.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-social/press/news/details/1276672?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді