
Еңбекші ауданының тұрғыны 102 арнасына хабарласып, өзіне тиесілі 5 бас малдың жоғалғаны туралы арызданған.
Осыған байланысты Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері жедел түрде іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде жоғалған малдар анықталып, заңды иесіне қайтарылды.
Полиция қызметкерлерінің жедел әрі нәтижелі жұмысының арқасында тұрғынның өтініші қысқа мерзімде оң шешімін тапты.
Өз кезегінде мал иесі полиция қызметкерлеріне көрсеткен көмегі мен жедел әрекеті үшін алғысын білдірді. Аудан тұрғындары да полиция қызметкерлерінің қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы еңбегіне ризашылықтарын жеткізді.
Еңбекші ауданы Полиция басқармасы азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жалғастырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1276881?lang=ru

Жауап қалдыру