Халықаралық тревел-блогер Ahmed Haggagovic Алматыны жаңа қырынан таныды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Әлемнің 193 елін аралаған халықаралық тревел-блогер, тележүргізуші әрі әрі 8 миллионнан астам оқырманы бар танымал саяхат жобасының авторы Ahmed Haggagovic Қазақстанға алғаш рет келді. Сапар барысында ол Алматыға аялдады. Бұл туралы Алматы қаласы Туризм басқармасының өкілдері хабарлады.

Haggagovic Алматының таулы аймақтарын аралап, табиғаты мен көркем көріністеріне, сондай-ақ қаланың дәл іргесінде орналасқан тауларға ерекше назар аударды.

«Қазақстан мен барған әлемдегі 193-ші ел. Бүгін Алматыдағы алғашқы күнім. Алғашқы сәттен-ақ бұл қаланың ерекше әсерін сезіндім. Әсем таулар, көркем табиғат, жасыл желек пен адамдар мені тәнті етті. Бұл қалаға келуге кеңес беремін және мұнда әлі талай ораламын деп үміттенемін», – деді Ahmed Haggagovic.

Haggagovic түрлі елдердің мәдениеті мен көрікті жерлері туралы авторлық телевизиялық жобасымен танымал. Оның Facebook, Instagram, TikTok және YouTube желілеріндегі жалпы аудиториясы 8 миллионнан асады.

Ahmed Haggagovic-тің Алматыға сапары қаланың туристік әлеуетін халықаралық аудиторияға саяхатшының жеке әсері арқылы танытуға мүмкіндік берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1276883?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді