
Көксарай ауылында балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне, спортпен шұғылдануына және қауіпсіз ортада ойнауына қолайлы жағдай жасау бағытында жаңа балалар ойын алаңы бой көтеруде.
Жоба Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлының ауылдарды дамыту, елді мекендердегі инфрақұрылымды жақсарту және балаларға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстардың аясында жүзеге асырылуда.
Қазіргі таңда нысанда бірқатар жұмыстар толық аяқталды. Атап айтқанда: автотұрақ, ойын алаңшасының бетон жұмыстары жүргізілді, көгал төселіп
қоршау орнатылды, ойын және тренажер құрылғылары орналастырылды.
Бүгінде алаңды жарықтандыру мақсатында электр бағаналарын орнату және электр желісіне қосу жұмыстары жүргізілуде.
Жаңа ойын алаңы пайдалануға берілгенде ауыл бүлдіршіндерінің сүйікті орнына айналып, олардың бос уақытын пайдалы әрі қызықты өткізуіне мүмкіндік береді.
Балаларға жасалған жағдай – ауылдың жарқын болашағына жасалған маңызды қадам!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-audany/press/news/details/1276352?lang=kk

Жауап қалдыру