
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінде министрліктің Әдеп жөніндегі уәкілі У. Алшынбаеваның қатысуымен кездесу өтті.
Жиын барысында мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесуде мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын ұстануы, азаматтармен және әріптестермен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік таныту, сондай-ақ адалдық, әділдік, жауапкершілік және парасаттылық қағидаттарын басшылыққа алу мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар мемлекеттік қызметшінің кәсіби мәдениеті мен мінез-құлқы мемлекеттік органның беделіне және азаматтардың мемлекеттік қызметке деген сеніміне тікелей әсер ететіні атап өтілді.
Жиын барысында қызметтік әдеп талаптарын күнделікті жұмыста сақтау, ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыру және мемлекеттік қызметтің оң имиджін нығайту қажеттігі айтылды.
Әдеп кодексі талаптарын сақтау – әрбір мемлекеттік қызметшінің кәсіби міндеті ғана емес, қоғам алдындағы жауапкершілігінің маңызды бөлігі. Мемлекеттік қызметшінің әрбір әрекеті оның жеке кәсіби мәдениетін ғана емес, тұтастай мемлекеттік қызметке деген қоғамдық сенімді қалыптастырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-shymkent/press/news/details/1276927?lang=ru

Жауап қалдыру