«МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР ҮШІН САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНІҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІНЕ МОНИТОРИНГ: ЕСКЕРТУЛЕРДІҢ 98,6%-Ы ОРЫНДАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Арнайы мониторинг топтары еліміздің барлық өңірлеріндегі сайлау учаскелерін аралап, олардың мүгедектігі бар азаматтар үшін қолжетімділігін тексерді. Топтар Құрылтай депутаттарын сайлауға дайындық аясында Орталық сайлау комиссиясының тапсырмасы бойынша құрылды.

Мониторинг жұмыстарының мақсаты – сайлау учаскелерінің материалдық-техникалық дайындығын тексеру және олардың мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділігін одан әрі жетілдіру бойынша шаралар қабылдау.

Өңірлердің басым бөлігінде мониторинг бірнеше кезең бойынша жүргізілді. Бастапқы тексеру барысында кемшіліктер анықталған жағдайда, кейіннен мониторинг тобы олар бойынша қайта тексеру жүргізді.

Жалпы республика бойынша барлық сайлау учаскелерінің 97,8%-ы мониторингпен қамтылды. Оның 15,2%-ында кемшіліктер анықталды. Бүгінгі таңда анықталған ескертулердің 98,6%-ы жойылды. Қалған сайлау учаскелерінде жұмыстар жалғасуда.

Мониторинг жүргізуге 1000-нан астам адам тартылды. Топ құрамы мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, өңірлердің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының қызметкерлері, аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және әлеуметтік қорғау саласының мамандарынан жасақталды.

Мониторинг жұмыстарының негізгі параметрі – сайлау учаскелерінің қолжетімділігі. Пандустардың, тұтқалардың, көмек шақыру батырмаларының, арнайы автотұрақ орындарының, қолжетімді навигацияның, тактильді және бедерлі көрсеткіштердің болуы және олардың белгіленген талаптарға сәйкестігі, сондай-ақ азаматтардың өздігінен жүріп-тұруы мен дауыс беруіне жағдай жасалуы және сайлау туралы қолжетімді ақпараттың болуы тексерілді.

 

Мониторинг жұмыстарының негізгі параметрі – сайлау учаскелерінің қолжетімді болуы. Пандустардың, тұтқалардың, көмек шақыру батырмаларының, арнайы автотұрақ орындарының, қолжетімді навигацияның, тактильді және бедерлі көрсеткіштердің болуы және олардың белгіленген талаптарға сәйкестігі, азаматтардың өздігінен жүріп-тұруы мен дауыс беруіне жағдай жасалуы, сондай-ақ сайлау туралы қолжетімді ақпараттың болуы тексерілді. Сонымен қатар сайлау учаскелері орналасқан ғимараттар мен үй-жайларға тексеру жүргізілді. Атап айтқанда, пандустардың болуы мен олардың жай-күйі, мүгедектер арбасының бұрылуына арналған алаңдардың белгіленген талаптарға сәйкестігі, көтергіш тетіктердің, тактильді көрсеткіштердің, көмек шақыру батырмаларының және тұтқалардың болуы басты назарға алынды. Сондай-ақ мүгедектер арбасын пайдаланатын азаматтардың өздігінен жүріп-тұруына кедергі келтіретін табалдырықтар мен өзге де кедергілердің болуы қарастырылды.

Анықталған кемшіліктердің қатарында қолжетімді орта элементтерінің жекелеген түрлерінің болмауы немесе белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі, т.б. болды . Атап айтқанда, арнайы автотұрақ орындарының, көмек шақыру батырмаларының, тактильді көрсеткіштердің, баспалдақтардың сатыларын контрастты таңбалаудың, ақпараттық-навигациялық құралдардың, сондай-ақ қолжетімді санитариялық-гигиеналық үй-жайлардың талаптарға сәйкес келмеуі анықталды.

Қалған ескертулердің жойылуын бақылау жұмыстары жалғасуда. Аумақтық сайлау комиссияларына жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, дауыс беру күніне дейін сайлау учаскелерінің қолжетімділігін арттыру бойынша қажетті іс-шаралардың толық аяқталуын қамтамасыз ету тапсырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/election/press/news/details/1276895?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді