Сарысу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудан аумағындағы сауда орталықтарында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында қызметкерлерге электр сымдарының қысқа тұйықталуына жол бермеу, электр құрылғыларын қауіпсіз пайдалану және өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар, эвакуациялық жолдарды ашық ұстау және өрттің алдын алу шараларын күшейту қажеттігі ескертілді.
Жауап қалдыру