
Отырар өңірінде биыл бақша дақылдарын өсіру көлемі артып, жалпы 5680 гектар алқапқа қауын-қарбыз егілді. Оның 3544 гектары қауын, ал 2136 гектары қарбыз өнімдері.
Диқандардың еңбегімен өсірілген тәтті қауын-қарбыздар еліміздің ішкі нарығын толық қамтамасыз етіп қана қоймай, сыртқы нарыққа экспортталуда.
Күзгі жиын-терім науқанын үйлесімді әрі уақытылы жүргізу үшін ауданда қажетті жалпы 512 дана ауыл шаруашылығы техникалары мен тракторлары тартылған.
Фото: Береке Сейітжаппар

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-qogam/press/news/details/1276823?lang=ru

Жауап қалдыру