«Құқықтық тәртіп» жедел- профилактикалық іс-шарасы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, көшелер мен қоғамдық орындарда қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатында Жетісу облысының полиция департаменті 18-21 тамыз аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Іс-шара барысында елді мекендер, әкімшілік учаскелер мен саяжай алқаптарында патрульдеу күшейтіледі. Сонымен қатар, көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктерді анықтау, есепте тұрған тұлғаларды бақылау, тыйым салынған заттарды заңсыз сақтайтын немесе тасымалдайтын адамдарды анықтау жұмыстары жүргізіледі. Полиция қызметкерлері әкімшілік құқық бұзушылықтарға қатысты «нөлдік төзімділік» қағидатын басшылыққа алады. Жетісу облысының полиция департаменті тұрғындарды қырағы болуға және құқық бұзушылықтар орын алған жағдайда дереу «102» арнасына хабарлауға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-balpyk/press/news/details/1276871?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді