
Құрылтай сайлауы қарсаңында журналист әрі ақпарат саласының өкілі ретінде мен де ортақ іске өз үлесімді қосып, азаматтарға қажетті ақпаратты барынша түсінікті әрі қолжетімді түрде ұсынғым келді. Бір топ пікірлес азаматпен бірге сайлауға қатысты барлық маңызды ақпарат жинақталған «Құрылтай LIVE» платформасын іске қостық. Осы жоба арқылы Құрылтай сайлауын еліміздің әрбір азаматына жақын әрі түсінікті еткіміз келеді.
Платформада Құрылтай сайлауына қатысты соңғы жаңалықтар, сарапшылардың пікірлері, түрлі арналарда жарияланған подкасттар мен сұхбаттар жинақталған. Сайттағы ақпарат күн сайын бірнеше рет жаңартылып отырады.
Теледебаттарда қандай мәселелер көтерілді? Қоғамның көңіл-күйі қандай? Әлеуметтік зерттеулер қандай нәтиже көрсетіп жатыр? Сарапшылар не айтып жүр? Қысқасы, Құрылтай сайлауы төңірегіндегі маңызды ақпараттың бәрін осы жерден табуға болады.
Сайттың «Сайлау туралы» бөлімінде партиялардың тіркелуі, кандидаттардың саны мен құрамы, сайлау науқанының кезеңдері және сайлауды бақылаушылар туралы мәліметтер берілген.
Ал сұрақ-жауап бөлімінен «Дауыс беру учаскесін қалай табамын?», «Қандай құжаттар қажет?», «Шетелде жүріп қалай дауыс бере аламын?», «Қажетті ақпаратты қайдан алуға болады?» деген және басқа да жиі қойылатын сұрақтарға жауап таба аласыздар. Сонымен қатар бір батырманы басу арқылы өз сайлау учаскеңізді анықтауға мүмкіндік жасалған.
Сайтқа кіріп, оқып, танысуға шақырамын. Командамыздың жұмысына баға беріп, пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды жазып қалдырсаңыздар, қуанамыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-talas/press/news/details/1276313?lang=ru

Жауап қалдыру