Салауатты өмір салтын насихаттау және жұқпалы аурулардың алдын алу мәселелері бойынша семинар өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 17 тамызда Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Қарағанды өрт сөндіру пойызы» жұмысшылары арасында салауатты өмір салтын сақтауды насихаттау мақсатында семинар өткізді. Семинар барысында туберкулездің клиникасы, емдеуі, алдын алуы және ерте анықталуы мәселелері түсіндірілді, сондай-ақ Қарағанды өңіріндегі эпидемиологиялық жағдай туралы деректер ұсынылды. Сонымен қатар, жіті ішек инфекцияларының (ЖІИ) және ересектер арасында адам папилломавирусы (АПВ) инфекциясының алдын алу мәселелері қамтылды. Семинар соңында қатысушылармен алған білімдері бойынша пікір алмасу жүргізіліп, жадынамалар, лифлеттер және буклеттер таратылды. Қатысушылардың барлық қойылған сұрақтарына мазмұнды жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1276829?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді