
Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай «Есіл-Mining» ЖШС өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында тараптар Ақсоран ауылдық округінің аумағында орналасқан вольфрам-молибден кендері кен орнын игеру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру мәселелерін талқылады.
Жобаны жүзеге асыру жаңа жұмыс орындарын ашуға, бюджетке түсетін салық түсімдерін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл жоба Сандықтау ауданының экономикасын дамытуға қосымша серпін бермек.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/1276919?lang=ru

Жауап қалдыру