Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның берік негізі

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
🔹Бүгін «Заң мен тәртіп» қағидатын қоғамда кеңінен насихаттау және құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында аудан тұрғындарымен кездесу өтті. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Махпал Досымбекова, Жамбыл ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары Мақсат Мадимаров, аудан прокуратурасының аға прокуроры Дінмұхаммет Қадыров, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, жастар және аудан тұрғындары қатысты.
🔹Жиын барысында аудан әкімінің орынбасары және аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары сөз сөйлеп, өңірдегі қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар қатысушылар назарына құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және заң бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған бейнероликтер ұсынылды. Жиынның маңызды бөлігі – тұрғындардың спикерлерге өздерін толғандырған мәселелер бойынша сұрақ қойып, пікір алмасуы болды.
🔹Іс-шара соңында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын ілгерілетуге және қоғамдағы құқықтық мәдениетті қалыптастыруға белсенді үлес қосып жүрген бірқатар азамат марапатталды. Оларға аудан әкімінің Алғыс хаттары мен сыйлықтар табысталды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhambyl/press/news/details/1276296?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді