
Ақтөбе облысында техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы мүмкіндіктер кеңейіп келеді. 2026–2027 оқу жылында Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі базасында алғаш рет 01130100 — «Логопедия» мамандығы бойынша мамандар даярлау басталады.
Жаңа білім беру бағдарламасы білім беру жүйесінде және балаларды әлеуметтік қолдау саласында сұранысқа ие мамандарды даярлауға бағытталған. Логопед балалардың сөйлеу, тіл және коммуникация бұзылыстарын дер кезінде анықтап, түзету жұмыстарын жүргізуге және баланың толыққанды дамуына ықпал етеді.
Бүгінгі таңда «Логопедия» мамандығына 125 талапкерден өтініш қабылданды. Конкурс қорытындысы бойынша 11-сынып базасындағы 75 талапкер және ТжКББ базасындағы 25 талапкер аталған мамандық бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім ала алады.
Білім беру бағдарламасы педагогика және психология негіздерін, инклюзивті білім беруді, логопедиялық зерттеу технологияларын, ауызша және жазбаша сөйлеуді түзету әдістерін, ауыр сөйлеу бұзылыстарымен жұмыс істеуді, сондай-ақ балалардың сөйлеу дағдыларын дамыту тәсілдерін қамтиды.
Оқуды аяқтағаннан кейін мамандар балабақшаларда, мектептерде, түзету кабинеттерінде, психологиялық-педагогикалық түзету және оңалту орталықтарында, сондай-ақ жеке логопед ретінде жұмыс істей алады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1276575?lang=ru

Жауап қалдыру