Жаңа оқу жылындағы жұмыс тәртібі түсіндірілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жаңа оқу жылындағы жұмыс тәртібі түсіндірілді

Жаңа оқу жылына сапалы дайындық – білім беру ұйымдарының жұмысын тиімді ұйымдастырудың маңызды бөлігі. Осы орайда білім бөлімінің мәжіліс залында НОБД жүйесіне жауапты мамандар мен әлеуметтік педагогтердің қатысуымен семинар-практикум өткізілді.

Іс-шара барысында жаңа оқу жылында атқарылатын жұмыстардың негізгі бағыттары мен жұмыс жүргізу тәртібі түсіндірілді. Мамандарға білім алушыларды сыныптан сыныпқа көшіру, түлектер туралы мәліметтерді жоғары оқу орындарына түсуіне байланысты жаңарту, НОБД жүйесіндегі мәліметтерді дұрыс әрі уақтылы енгізу бойынша тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.

Сонымен қатар, әлеуметтік педагогтерге ваучер ашу бойынша арнайы нұсқаулықтар беріліп, жүйеде жұмыс істеу тәртібі кезең-кезеңімен түсіндірілді. Семинар-практикум барысында мамандар жаңа оқу жылындағы жұмысты жүйелі ұйымдастыруға қажетті ақпарат пен әдістемелік нұсқаулықтар алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aksuat-bilim/press/news/details/1276899?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді