
Үштөбе, Лепсі, Сарыөзек, Бескөл, Жайпақ және Достық станцияларында осы күнде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Талдықорған, Көктұма және Ақши вокзалдарында жұмыстар аяқталды.
🔹 «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Төрегелдин өңір вокзалдарын жаңғырту барысын тексерді. Ол Сарыөзек және Үштөбе станцияларында болып, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасымен танысты.
☝🏼 Тексеру қорытындысы бойынша мердігер ұйымдарға жұмыс қарқынын жеделдету, жұмысты екі ауысымда ұйымдастыру, жұмылдырылған қызметкерлер мен техника санын көбейту, сондай-ақ қойылған міндеттердің орындалуына тұрақты бақылауды қамтамасыз ету тапсырылды.
🤝 Сондай-ақ Талдықорған қаласында Жетісу облысы әкімінің бірінші орынбасары Әлібек Жақанбаевпен жұмыс кездесуі өтті. Қатысушылар теміржол вокзалдарын жаңғырту барысын, ағымдағы мәселелер мен алдағы жоспарларды талқылады. Жұмыстарды жоспарлы мерзімде аяқтау үшін объектілердегі жұмысшылар мен техника санын ұлғайту қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
🚞 Вокзалдарды жаңғырту жолаушылар үшін заманауи әрі жайлы жағдай жасауға бағытталған. Құрылыс жұмыстарының уақытылы аяқталуы мен жұмыстың сапасы тұрақты бақылауда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal/press/news/details/1276309?lang=ru

Жауап қалдыру