
18 тамызда аудандық Мәдениет үйінде «Жаңа Халықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары: адам капиталын дамыту – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» тақырыбындағы тамыз педагогикалық конференциясы аясында пленарлық отырыс өтті.
Отырыс жұмысына Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімі Руслан Әкімжанұлы Аңбаев қатысты.
Пленарлық отырыс барысында ауданның білім беру жүйесінің өткен оқу жылындағы жұмыс қорытындысы шығарылып, негізгі жетістіктер мен өзекті мәселелер белгіленіп, жаңа оқу жылына арналған басым міндеттер айқындалды.
Білім сапасын арттыру, адам капиталын дамыту, өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу үшін қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ ауданның білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ іс-шара аясында білім беру саласының үздік қызметкерлері адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және ауданның білім беру жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm/press/news/details/1277388?lang=ru

Жауап қалдыру