Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 17 шiлдедегi № 140 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 79-4 – бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізеді.
Жеке кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны Тізілімге қосуға өтініштерді қабылдау тоқсан сайын күнтізбелік тоқсанның алдындағы айдың 1-ден 15-не дейін жүзеге асырылады.
Тізілімді жүргізу қағидаларының (ҚР 2023 жылғы 17 шілдедегі №140) 3 – тармағына сәйкес Тізілімді қалыптастыруды және жүргізуді жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды Тізілімге қосу мәселелерін қарау жөніндегі арнайы комиссияның өтініштерді қарау қорытындылары бойынша облыстардың жергілікті атқарушы органдары ұсынған мәліметтер негізінде ҰЭМ жүзеге асырады.
Сонымен қатар, Қағидалардың 11-тармағына сәйкес өтініштерді қабылдау жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның тіркелген жері бойынша елді мекенде жүзеге асырылады. Кезекті қабылдау 2025 жылғы 1-15 қыркүйек аралығында жүзеге асырылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-audany-akimat/press/news/details/1277056?lang=ru

Жауап қалдыру