
2026 жылға арналған әдеп жөніндегі уәкілдердің жұмыс жоспарының 1.3 және 2.1-тармақтарын іске асыру шеңберінде мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған, ағымдағы жылғы 17 тамызда «Павлодар ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы лауазымына тағайындалған Темиралинов Темирлан Ренатовичпен түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Әңгімелесу барысында Т.Р.Темиралинокев Қазақстан Республикасының заңнамасы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің ережелері, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты белгіленген шектеулерді сақтау талаптары түсіндірілді.
Атап айтқанда, басқа да ақы төленетін қызметпен айналысуға, педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметті қоспағанда, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, өзі қызмет атқаратын мемлекеттік органда үшінші тұлғалардың істері бойынша өкіл болуға, сондай-ақ лауазымдық өкілеттіктерін орындауына байланысты азаматтар мен заңды тұлғалардың көрсететін қызметтерін жеке мақсатта пайдалануға байланысты белгіленген шектеулер түсіндірілді.
Темиралинов Темирлан Ренатович, 2002 жылы туған, жоғары білімді. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-audan/press/news/details/1277013?lang=ru

Жауап қалдыру