Аппараттық кеңесте туберкулезге қарсы жұмыстардың 7 айлық есебі тыңдалды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбектің төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Жиынға Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Неили Муликова қатысты. Кеңестің күн тәртібінде туберкулезге қарсы іс-шаралардың 2026 жылдың 7 айындағы орындалу барысы қаралды.

Облыстық фтизиопульмонология орталығының бас дәрігері Дабыл Шымыров туберкулез бойынша эпидемиологиялық ахуал, атқарылған жұмыстар және негізгі көрсеткіштер туралы баяндады.

2022–2024 жылдары туберкулез бойынша диспансерлік есепте тұрған адамдар саны 21,4 пайызға азайған. Ал 2026 жылдың алғашқы 7 айында бұл көрсеткіш тағы 6,5 пайызға төмендеген.

Баяндама барысында туберкулезді ерте анықтау, диагностикалық тексерулермен қамтуды арттыру және медициналық көмекті уақтылы ұйымдастыру мәселелеріне талдау жасалды. Сондай-ақ медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру бағытындағы жұмыстарға назар аударылды.

Атап айтқанда, өзге өңірлерден тәжірибелі мамандарды шақырып, медицина қызметкерлеріне практикалық оқыту ұйымдастыру, сондай-ақ әріптестер арасында тәжірибе алмасуды күшейту жоспарлануда.

Кеңес қорытындысында басқарма басшысы жауапты ұйымдардың басшыларына туберкулезге қарсы іс-шаралардың тиімділігін арттыру және осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жетілдіру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zhambyl/press/news/details/1277660?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді