Автогаз станцияларындағы қауіпсіздік: Бақылау шаралары және міндеттер

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облыстық ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы автогаз құю станцияларының қызметкерлерімен профилактикалық кездесу өткізді.Шара барысында объектілерді қауіпсіз пайдалану ережелері түсіндіріліп, автогаз құю станцияларында тұрмыстық газ баллондарын толтыруға қатаң тыйым салынатыны ескертілді.  Көліктерге газ құю кезінде жолаушыларды салонда қалдырмай, арнайы қауіпсіз аймаққа шығару қажеттігі атап өтілді.Сондай-ақ, салалық заңнама талаптары мен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сай жауапкершілік түрлері және айыппұл салу тәртібі жеткізілді.Бұл бағыттағы түсіндіру жұмыстары персоналдың жауапкершілігін күшейту және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында тұрақты түрде жалғасады.

Маңғыстау облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-mangystau/press/news/details/1277252?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді