Ауыл шаруашылығы Вице-министрі Аманғали Бердалин Қостанай облысында болды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 19 тамызда ауыл шаруашылығы Вице-министрі Аманғали Бердалин Қостанай облысында болды.

Жұмыс сапары барысында Алтынсарин ауданы Большая Чураков ауылдық округінің аумағында облыстың ветеринариялық қызмет өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ветеринария саласындағы инфрақұрылымды дамыту мәселелері қаралды.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Вице-министр А.Б. Бердалин бірнеше негізгі мәселелерге назар аударды.

Қазіргі заманғы стандарттарға сәйкестігі: ветеринариялық манипуляцияларды жүргізу кезінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Процестердің қауіпсіздігі: ветеринариялық станцияларды аймақтарға бөлу (“таза” және “лас” аймақтар) мамандардың өздерін де, жануарларды да инфекциялардың туындауына  алдын алу қорғау үшін өте маңызды екенін атап өтті.

Халық үшін практикалық пайдасы: ауыл тұрғындары жоспарлы тексеру, вакцинация және емдеу үшін малды еш кедергісіз ұсына алатындай толыққанды жағдай жасау керектігін атады.

Инфрақұрылымның тиімділігі: халықтың (атап айтқанда, Большой Чураков ауылының тұрғындары) тарапынан нақты сұраныс осындай объектілердің жоғары сұранысы мен орындылығын көрсететінін растай отырып, тиеу қоршауларын және мал бекіту орындарын енгізуге оң баға берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-veterinariya/press/news/details/1277380?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді