«Бейбітшілікті бірге бейнелейік» облыстық стрит-арт фестивалі өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Фестиваль балаларды, жастарды және өңір тұрғындарын шығармашылық арқылы біріктіріп, өзара құрмет, қоғамдық келісім және бірлік құндылықтарын насихаттауға мүмкіндік берді.

Фестиваль аясында 14–34 жас аралығындағы жастар арасында облыстық стрит-арт эскиздерінің байқауы ұйымдастырылды. Қатысушылар өздерінің авторлық жұмыстарын ұсынып, шығармашылық идеялары мен ерекше көзқарастарын таныстырды. Байқауға ұсынылған эскиздер облыстық конкурстық комиссияның қарауына жолданды. Үздік жұмыстар кейіннен Абай облысының қалалары мен аудандарындағы арнайы белгіленген алаңдарда мурал және стрит-арт форматында жүзеге асырылады.

Фестиваль жастар арасында агрессияны, зорлық-зомбылықты, діни радикализм мен экстремизмді, сондай-ақ өзге де құқық бұзушылықтарды қабылдамау мәдениетін қалыптастыруға, шығармашылық арқылы өзара құрмет, қоғамдық келісім мен бірлік құндылықтарын дәріптеуге бағытталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhastar-basqarmasy/press/news/details/1277228?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді