Біліктілік талаптары мәселелері бойынша семинар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарына енгізілген өзгерістер бойынша семинар-кеңес.

 Ағымдағы жылдың 03 шілдеде  Департамент маман  Ақмола облысының мемлекеттік және жеке меншік нысанындағы медициналық ұйымдарының басшыларымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің                          2020 жылғы 22 қазандағы № ҚР ДСМ-148/2020 «Медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» бұйрығына енгізілген өзгерістер мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізді.

Семинар-кеңес барысында медициналық және фармацевтикалық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарына енгізілген негізгі өзгерістер түсіндіріліп, қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-akmola/press/news/details/1277235?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді