
БҚО-да “Құқықтық тәртіп” ЖПІШ аясында профилактикалық есепте тұрған 2 мыңға жуық адам тексерілді. Батыс Қазақстан облысында республикалық “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Жұмыстың негізгі бағыттарының бірі – профилактикалық есепте тұрған адамдарды тексеру. Бүгінде полиция қызметкерлері 1 829 есепте тұрған адамды тексерді.
Олардың қатарында шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған 169 адам, әкімшілік қадағалау белгіленген 131 адам, алынбаған және өтелмеген соттылығы бар 331 адам, пробация қызметінде есепте тұрған 264 адам, мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленген 147 адам, қорғау нұсқамасы шығарылған 161 адам, сондай-ақ 88 қолайсыз отбасы бар. Сонымен қатар ресми ескерту берілген 54 адам, алкогольді ішімдіктерді шамадан тыс пайдалануға байланысты профилактикалық есепте тұрған 354 адам және есірткі құралдарын қолдану фактісі бойынша есепте тұрған 130 адам тексерілді.
Тексеру барысында полиция қызметкерлері есепте тұрған адамдардың белгіленген талаптар мен шектеулерді сақтауына ерекше назар аударып, профилактикалық әңгімелесу жүргізеді және оларды бұзғаны үшін заңнамада көзделген жауапкершілікті түсіндіреді. Профилактикалық бақылау құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтауға, қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қолданыстағы заңнама шеңберінде қажетті шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Полицияның профилактикалық шаралары құқықтық тәртіпті нығайтуға, құқық бұзушылықтар деңгейін төмендетуге және өңір тұрғындары үшін қауіпсіз ортаны қамтамасыз етуге бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zko/press/news/details/1277418?lang=ru

Жауап қалдыру