
Сайлаушы тiзiмге бюллетеньдi алғандығы туралы қолын қояды, ал комиссияның бюллетеньдi берген мүшесi оған өзiнiң қолын қояды, сондай-ақ бюллетеньдi алған сайлаушының тiзiмдегi тегiнiң тұсына қол қояды.
Сайлау бюллетенi жасырын дауыс беруге арналған кабинада толтырылады. Оны толтыру кезiнде дауыс берушiден басқа адамның кiруiне тыйым салынады.
Сайлаушы саяси партиялардың атаулары бар сайлау бюллетенінде өзі жақтап дауыс беретін саяси партия атауының оң жағындағы бос шаршыға немесе «Бәріне қарсымын» деген жолдың оң жағында орналасқан шаршыға кез келген белгі қояды.
Толтырылған бюллетеньді сайлаушы дауыс беруге арналған жәшiкке салады.
Бюллетеньге қарындашпен белгi қоюға, сондай-ақ оған қандай да болсын түзету енгiзуге жол берiлмейдi.
Дауыс беру күні толтырылған бюллетеньнің фото- және (немесе) бейнетүсірілімін жүзеге асыруға және оны дауыс беру күні таратуға тыйым салынады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1277670?lang=ru

Жауап қалдыру