
Ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту жобасы аясында Тағыл ауылының тұрғындарымен бірқатар ақпараттық-түсіндіру кездесулері өтті.
Кездесулер барысында ашық диалог ұйымдастырылып, қатысушылар діни саланы реттейтін заңнамаға және қазіргі ақпараттық кеңістіктегі қауіпсіздікке қатысты сұрақтарына жауап алды.
Деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталығының жетекшісі Юлия Калюжная зайырлылық және діни сенім бостандығы қағидаттарын іске асыру туралы айтып берді. Дәстүрлі дінді деструктивті идеологиялардан ажырата білуге, діни үгіт-насихатқа тартудың белгілерін тануға және манипуляциялық ықпалдың объектісіне айналмауға ерекше назар аударылды.
Тыңдаушыларға, ең алдымен ата-аналарға, сөз арнаған Ю. Калюжная сыни ойлауды дамыту, түрлі ұлттар мен конфессия өкілдеріне құрметпен қарау және Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау маңызды екенін атап өтті.
Іс-шараларды Сарыкөл ауданының ішкі саясат бөліміне тапсырысы бойынша «Қостанай облысының психологтар қауымдастығы» ҚҚ ұйымдастырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-sarykol-tagil/press/news/details/1277436?lang=ru

Жауап қалдыру