Кәсіпкерлік субъектілерінің назарына!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кәсіпкерлік субъектілерінің назарына!!!

«Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі» 147-бабының 1-тармағына сәйкес, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу және (немесе) тексеру үшін объектіге келген бақылау және қадағалау органының лауазымды тұлғалары бақылау және қадағалау субъектісіне мынадай құжаттарды ұсынуға міндетті:

  • Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетте тіркелген тексеруді тағайындау туралы актіні;
  • Қызметтік куәлікті (сәйкестендіру ID-картасын).

Тексерудің пәні, мерзімдері және басқа да толық мәліметтермен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «Qamqor» ақпараттық-талдау бағдарламасының мобильді қосымшасы арқылы біле аласыз.

Жекелеген азаматтар тарапынан болатын алаяқтық фактілерін болдырмау мақсатында, Департаменттің Персоналды басқару қызметіне 87162 (50-11-99) телефоны бойынша қоңырау шалып, келген адамның Департаментте жұмыс істейтінін немесе істемейтінін нақтылай аласыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-akmola/press/news/details/1277267?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді