Ақмола облысының Мәншүк Мәметова ауылында заманауи жоғары жылдамдықты интернет инфрақұрылымын құру бойынша ауқымды жұмыстар басталды. Жоба ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекендерін интернет желісіне жоғары жылдамдықты қолжетімділікпен қамтамасыз ету» республикалық бастамасы аясында іске асырылуда.
Жоба шеңберінде топырақты қазу және негізгі әлеуметтік әрі әкімшілік нысандарды: әкімдік, мектеп және фельдшерлік-акушерлік пунктті (ФАП) интернетке қосуға арналған микроканализация төсеу жұмыстары жүргізілді. Сенімді интернет байланысының іске қосылуы ауыл тұрғындары мен мекемелерге сапалы байланыс қызметін пайдалануға мүмкіндік береді.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, тұрақты интернет күнделікті өмірде маңызды рөл атқарады. Ол білім алудың, мемлекеттік және цифрлық сервистерді пайдаланудың, сондай-ақ ауылдағы кәсіпкерлікті дамытудың жаңа мүмкіндіктерін ашады.
Бұл жобаны жүзеге асыру қала мен ауыл арасындағы цифрлық алшақтықты азайту жолындағы маңызды қадам болып табылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-digital/press/news/details/1277656?lang=ru

Жауап қалдыру