МАҢҒЫСТАУ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ
ТӨРАҒАСЫНЫҢ ШЕШІМІ
Шетпе ауылы №5 19 маусым 2026 жыл
Маңғыстау аудандық Мәслихатының
сессиясын шақыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19 бабының 3 тармақ 1-1)-тармақшасына сәйкес 8-сайланған Маңғыстау аудандық Мәслихатының кезектен тыс отыз екінші сессиясы 2026 жыл тамыз айының 26-ына шақырылсын.
8-сайланған Маңғыстау аудандық Мәслихатының
кезектен тыс отыз екінші сессиясының
МӘСЕЛЕЛЕРІ
Сегізінші сайланған Маңғыстау аудандық Мәслихатының кезектен тыс отыз екінші сессиясы 2026 жылғы тамыз айының 26-ында сағат 1100–де аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында басталады.
Тұрақты комиссиялардың отырысы тамыз айының 26-ы күні сағат 915-те аудандық Мәслихат төрағасының кеңсесінде өтеді.
Сессияның қарауына мына мәселелер ұсынылады:
- Маңғыстау аудандық Мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №24/191 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Әр түрлі мәселелер туралы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mangystau-audany/press/news/details/1277602?lang=ru

Жауап қалдыру