МАҚТАРАЛ: «АТАКЕНТ» МАҚТАРАЛ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ» ШЖҚ МКК-НА ЖОСПАРДАН ТЫС ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 19 тамыз күні Департаментпен бекітілген тексеру тағайындау актісіне сәйкес Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Смадияр Алдияр Шаниярұлы Мақтарал ауданына қарасты «Атакент» Мақтарал аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК-на жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Тексеру барысында еңбек заңнамасының сақталуы, еңбек шарттарының рәсімделуі, жұмыс уақыты мен демалыс уақытының сақталуы, еңбекке ақы төлеу, қызметкерлердің еңбек құқықтарының қамтамасыз етілуі, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының орындалуы зерделенді.

Мемлекеттік еңбек инспекциясы еңбек заңнамасының сақталуына тұрақты бақылау жүргізіп, жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1277032?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді