«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы Достық үйінде өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Достық үйінде дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы өтті. Биыл 21 отбасына мектеп сөмкелері мен кеңсе тауарлары табысталды.

Акция КГУ «Қоғамдық келісім» қызметі аясында «Жомарт жан» арнайы жобасын жүзеге асыру шеңберінде ұйымдастырылды.

Балалар мен ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен «Қоғамдық келісім» басшысы Оспанов Кемел Қарашұлы құттықтап, балаларға оқуда жетістік, зор денсаулық және көтеріңкі көңіл-күй тіледі.

Балалар үшін ұлттық ойындар ұйымдастырылып, түрлі этностардың мәдениеті мен дәстүрлері таныстырылды. Сонымен қатар қатысушыларға «Favorite Voice» вокалдық студиясы өнер көрсетті.

«Мектепке жол» акциясы Достық үйінде балаларға қамқорлық, өзара көмек пен бірлік құндылықтарын дәріптейтін игі дәстүрге айналды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-sayasat/press/news/details/1277713?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді