Мемлекеттік бақылау барысында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында бұзушылықтар анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 11–13 тамыз аралығында мүмкіндігі шектеулі жандарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін «Сауле Сапар» қоғамдық бірлестігінің қызметіне профилактикалық бақылау жүргізілді.
Бақылау іс-шаралары барысында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету талаптарының сақталуына, қызмет алушылардың құқықтарын қамтамасыз етуге, құжаттаманың жүргізілуіне, қызмет көрсету жағдайларына және әлеуметтік қызметтердің сапасына назар аударылды.
Профилактикалық бақылау нәтижесінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету талаптарының бірқатар бұзушылықтары анықталды.
Анықталған бұзушылықтарды жою туралы «Сауле Сапар» қоғамдық бірлестігіне тиісті нұсқама енгізілді, бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жою жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.
Бақылау іс-шаралары әлеуметтік қызмет алушылардың заңды құқықтарын қорғауға, көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыруға және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-konaev/press/news/details/1277342?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді