Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу – тұрақты бақылауда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың қайталануына жол бермеу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Құқық бұзушылықтың алдын алу – полиция жұмысының маңызды бағыттарының бірі.
Жыл басынан бері елордада 6 500-ден астам қорғау нұсқамасы шығарылды. Қорғау нұсқамаларының талаптарын бұзғаны үшін 300-ге жуық азамат жауаптылыққа тартылды. Сонымен қатар сот шешімімен 600-ден астам адамға мінез-құлқына қатысты ерекше талаптар белгіленді.
Полиция қызметкерлері профилактикалық есепте тұрған азаматтардың тұрғылықты мекенжайларына тұрақты түрде барып, олардың мінез-құлқына мониторинг жүргізеді. Учаскелік полиция инспекторлары мен отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі инспекторлар отбасылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын зерделеп, қауіп деңгейін бағалайды және белгіленген профилактикалық шаралардың орындалуын бақылайды.
Астана қаласының полициясы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың кез келген көрінісіне жол берілмейтінін еске салады. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жәбірленушілердің құқықтарын қорғау және қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-astana/press/news/details/1277159?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді